Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"COVID-19 желтоқсанның соңы, қаңтардың басында өршуі мүмкін": Профессор болжам жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин елімізде коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршуі мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

"Ең алдымен, бүкіл әлемде және Еуропада коронавирусқа қатысты қандай жайттың орын алып жатқанын көріп отырсыздар. Оның Қазақстанда да орын алу ықтималдығы бар. Дегенмен, ол бізде біршама жеңіл өтуі мүмкін, өйткені маусым мен шілде айында бізде көп адам ауырып шықты", - дейді қауымдастық президенті.

Сондай-ақ Локшин еліміздегі коронавирус жұқтыруға қатысты шынайы жағдай мен ресми статистика арасындағы мәліметтер қарама-қайшылығына тоқталды.

"Шындығына келгенде, біздің ресми статистикамыз шынайы жағдайдан 20-30 есеге аз көрсетіп отыр. Өйткені ел тұрғындарының көпшілігі медициналық көмекке жүгінбеді. Қазіргі уақытта да көп адам ауырып жүргенімен, ПТР-тестілеуден өтпейді. Бұны да біліп отырмыз.
ПТР-дің оң нәтижесі барлық уақытта COVID-19 бола бермейді. Сондай-ақ теріс нәтиже де вирустың жоқ екендігіне дәлел бола алмайды. Сондықтан менің ойымша, желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында ауру жұқтыру өсімі қазіргіден әлдеқайда жоғары болады", - дейді профессор.

Оның болжамынша, коронавирус жұқтыру көрсеткіші, әсіресе еліміздің өңірлерінде ушыға түсуі ықтимал.

Маман қазіргі уақытта Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде коронавирустың өршіп тұрғанын айта келе, аурудың оңтүстікте де өруші мүмкін екенін ескертті.

Сондықтан оған дайын болуымыз қажет, дейді Локшин.

Осы орайда профессор санитарлық шектеу шараларын сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Оның сөзінше, коронавирустан сақтанып, денсаулыққа қауіп төндірмеудің жалғыз жолы - әлеуметтік арақашықтық сақтау, барлық жерде маска тағу және қолды үнемі жуу. Керісінше, туған күн тойлау, үйлену тойын өткізу, жерлеу рәсіміне қатысу сынды шараларды доғару керек.

"Жұмыстан басқасының бәрі тоқтағаны жөн. Мейрамханаларға жұмыс істеу керектігі түсінікті. Бірақ олар сақтық шараларын қазіргіден де қатты сақтау тиіс. Егер дәрігерлердің ұсынымдарын орындамайтын болсақ, онда азаматтарымыздан айырыла береміз", - деді Вячеслав Локшин.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 762 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың саны республика бойынша 123 097-ге жетті.

Одан бөлек, коронавирусқа байланысты Жамбыл облысындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885501-covid-19-zeltoksanny-soy-katardy-basynda-rsui-mmkin-professor-bolzam-zasady/

pixel