RU

"Әкем бақытты ғұмыр кешті": Сәпиев қайғысына ортақтасып жатқан жандарға алғыс айтты

Знаменитый казахстанский боксер Серик Сапиев
Фото: Twitter

Бокстан 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев әкесінің қазасына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқан қазақстандықтарға алғысын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Сәпиевтің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазуынша, әкесі 75 жасында дүние салған.

"Қайғымызға ортақтасып көңіл айтып жатқан барша жанға алғысымды айтам. Әкем Жұманғали Дәуітұлы 75 жасында өмірден өтті. Қарағанды ​​облысының көмір бассейнінде 35 жылдан аса жұмыс істеді. "Құрметті шахтер" деген атағы бар. Әкем ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешті", - дейді Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы.

Еске сала кетсек, бұған дейін даңқты боксшы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиевтің өмірден өткенін хабарлаған едік.

Қаралы хабарды Қазақстанның бокс федерациясы жеткізді.

"Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ведомство, Серік Сәпиевтің әкесі неден көз жұмғанын жариялаған жоқ.

Айта кетейік, биыл тамызда Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алғанын жазған болатынбыз.

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы 12 тамыздан бастап 23 желтоқсанға дейін бала күтімі байланысты ресми демалысқа шыққан еді. Сәпиев аталмыш комиетті 2019 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1885514-kem-bakytty-gmyr-kesti-spiev-kajgysyna-ortaktasyp-zatkan-zandarga-algys-ajtty/