Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air ұшағының апаты: Әуежай маңындағы жерді заңсыз сату ісі қайтадан тергеуге жіберілді

Опубликовано:

Bek Air ұшағы апаты
Фото: ktk.kz

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырағанына бір жылға жуық уақыт өтсе де, басталған тергеудің барлығы бірдей сотқа жетпеген. Әуежайдың санитарлық аймағындағы жерді заңсыз сату ісі қайта тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қайтарылғаны белгілі болды деп хабарлайды "Время" басылымы.

Талғар ауданының бұрынғы бес қызметкері мен тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз келісім жасауға көмектескен риэлтор іске күдікті ретінде тартылған.

Бұл іс бойынша сот бірнеше ай бұрын басталды. Тамыз айында экс-шенеуніктер қызметін асыра пайдаланғандарын, алаяқтық жасағандарын мойындағаны хабарланды. Алайда сот келісім жасаудан бас тартқан.

Судья Айдос Бағалиев тергеу барысында әуе апатының әуежай маңындағы жерді заңсыз сатумен тікелей байланысты екендігі ескерілмегеніне назар аударған.

Басылымның дерегінше, істі қайтадан тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қайтарылған.

Басылымның жазуынша, сот тергеушілердің іс бойынша айыпталушы риэлтордың құқығын бұзғанын анықтаған. Ол қылмыстық іс материалдарымен дұрыс таныса алмаған.

Басылым бұл қаулы прокуратураға тамыз айында жіберілгенін, ал қадағалау органы бұған қарсы шығуға тырысқанын, алайда өтініш қанағаттандырылмағанын жазған. Нәтижесінде 4 қарашада іс қайта тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілген.

Айыпталушылардың ішінде кінәсін мойындамаған риэлтор ғана осы уақытқа дейін тергеу изоляторында отырғаны хабарланды. Ал қалған бес экс-шенеунік үй қамағында отыр.

Ақпаратты көшіріп, пайдалану "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырған еді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Кейін қазақстандықтар Bek Air әуе компаниясынан орындалмаған рейстер үшін 34 миллион теңге өндіріп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885517-bek-air-sagyny-apaty-uezaj-mayndagy-zerdi-zasyz-satu-isi-kajtadan-tergeuge-ziberildi/

pixel