jitsu gif branding logo appbranding logo app

    БҚО-да мемқызметкерлер арасындағы параның ең көп сомасы аталды

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірде қанша мемлекеттік қызметкер пара алды деп айыпталғанын, заңсыз сыйақының ең көп сомасы мен ең аз сомасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы облыста пара алған лауазымды адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде 15-і сотталған.

    "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер арасындағы параның ең көп мөлшері - 200 000 теңге, ең азы - 2000 теңге. Параны алғандар ғана емес, оны бергендерде қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыста пара бергені үшін 33 адам сотталды. Департаментке сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалармен 132 өтініш келіп түсті. 6 адамға 1 067 650 теңге сомасында сыйақы берілді", - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

    Сонымен қатар департамент коронавирус пандемиясына байланысты денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар түскенін атап өтті.

    "Денсаулық сақтау саласындағы парақорлыққа 21 адам шағымданды, тергеудің құпиялылығына сай, біз істің егжей-тегжейін хабарлай алмаймыз. Бізге пандемия кезінде блок-бекеттерді қойылуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар түскен жоқ", - дейді департамент.

    Сондай-ақ департамент жыл ішінде өздеріне полиция қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тарапынан азаптау фактілері бойынша 53 өтініш түскенін мәлім етті.

    Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында коммуналдық мекемелердің лауазымды тұлғалары бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасап, мемлекетке 500 миллион теңгеден астам залал келтірді деп айыпталуда.

    Айта кетсек, Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалған болатын. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылған.

    БҚО-да мемқызметкерлер арасындағы параның ең көп сомасы аталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.