Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ас содасының коронавирусты емдейтіні рас па

Опубликовано:

Сода
Сода: Pixabay

Әлеуметтік желілерде және мессенджерде ас содасының көмегімен коронавирустың алдын алу және емдеуге болатыны туралы хабарламалар таралуда. Медицина ғылымдарының докторы, профессор-трансплантолог, КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы Геннадий Юдин натрий гидрокарбонатпен ингаляция жасауды ұсынады. Алайда мамандар бұл әдіс шын мәнінде денсаулыққа қауіпті екенін және коронавирусты емдейтіні шындыққа жанаспайтынын ескертуде.

Stopfake.kz сайтынын жазуынша, ас содасының керемет қасиеттері туралы ондаған фейк пен миф тараған. Қос көмірқышқылды натрий ішімдікке, темекі мен есірткіге тәуелділікті, бүйрек, несеп-жыныс жүйесі ауруларын және қатерлі ісікті емдейді дейтіндер жоқ емес.

Алайда жылдар бойы әлем бойынша дәрігерлер мен ғалымдар жалған хабарламаларды жоққа шығарып, соданы дәрімен алмастыру қауіпті екендігін ескертіп келеді.

Десе де 2020 жылдың көктемінде желіде сода коронавирустың алдын алуға және оны емдеуге көмектеседі деген жаңа жалған ақпарат тарады.

Алғашқы хабарламалар натрий бикарбонаты (сода) мен лимон шырынын ішу дене қышқылдығын және COVID-19 жұқтыру қаупін төмендететіні жайлы болды.

Бұл жалған мәлімдемеге ешқандай ғылыми негіз жоқ және америкалық қатерлі ісікті зерттеу институтының сарапшылары бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Кейіннен Геннадий Юдин "жоғары температура әсерінен жұтқыншақта вирусты жою арқылы коронавирустық аурудың алдын алу және емдеу әдісін" ойлап таптым деп мәлімдеді. Бұл әдіс те шындыққа жанаспайды.

Юдиннің сөзінше, бір литр суға бір ас қасық ас содасы қосылған ерітіндінің буымен дем алу қажет. Автор шәйнектен шыққан бумен 15 минут бойы дем алуды ұсынады.

Осы орайда соданың коронавирус кезінде көмектесе алатыны туралы бірде-бір ғылыми материал және расталған зерттеу жоқтығын ескерген жөн.

Сонымен қатар Гонконг университетінің ғылыми зерттеулері мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарады.

Коронавирусты содамен емдеуге болатыны жалған ақпарат екендігін медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Комаровский де айтып отыр.

"Бұл ақпарат – фейк, мұндай ертегілерге сенбеулеріңізді сұраймын, әйтпесе жағдайыңызды асқындырып аласыз", – дейді Евгений Комаровский.

La Silla Vacía тәуелсіз сарапшылары да содамен емдеу туралы мифтерді жоққа шығарды. Чили университетінің фармацевтикалық ғылымдар және технологиялар департаментінің академигі Олосмира Корреаның айтуынша, сода жаңа коронавирусқа әсер етпейді.

"Вирустың осы әдіспен өлетіні қандай фактілерге сүйеніп айтылғанын білмеймін. Ыстық шәйнектің үстінен дем алу арқылы ішкі тіндерді қатты зақымдап аласыз", – деп түсіндірді Сеченов университетінің Регенеративті медицина институтының директоры Петр Тимашев.

Дәрігерлер тиімділігі дәлелденбеген емдеу әдістерін қолданбауға кеңес береді, өйткені олай ауруды асқындырып алуыңыз және өз-өзіңізге зиян келтіруіңіз әбден мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік вирусолог Алексей Аграновский көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме деген сауалға жауап бергенін жазған едік.

Одан бөлек, мемлекеттің миллиардтаған қаржысына алынған ИВЛ аппараттары істемей тұрғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885579-sodany-koronavirusty-emdejtini-ras-pa/

pixel