RU

Өткен тәулікте елімізде 800-ге жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 791 жағдай тіркелді.

Оның ішінде аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 53

Алматы қаласы - 91

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 48

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 25

Атырау облысы - 19

Шығыс Қазақстан облысы - 242

Жамбыл облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 20

Қостанай облысы - 63

Павлодар облысы - 85

Солтүстік Қазақстан облысы - 85

Түркістан облысы - 1

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 123 888 жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте 311 адам індеттен жазылып шыққан. Олардың дені Шығыс Қазақстан облысында. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 111 483.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин Қазақстанда коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршуі мүмкін екенін болжаған еді.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтыру көрсеткіші, әсіресе еліміздің өңірлерінде ушыға түсуі ықтимал. Маман қазіргі уақытта Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде коронавирустың өршіп тұрғанын айта келе, аурудың оңтүстікте де өруші мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар Қытай COVID-19 пайда болуы мен таралуына кінәлі емеспіз деген мәлімдеме жасады. Өйткені өткен жылдың қыркүйегінде Италияда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардан инфекцияның алғашқы белгілері анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885581-tken-tulikte-elimizde-800-ge-zuyk-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/