Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан төрт адам бостандыққа шығатын болды

Опубликовано:

Қордайдағы тәртіпсіздік
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан төрт адам бостандыққа шығатын болды. Әскери сот оларға қатысты үкімді жеңілдеткен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қордайдағы атышулы оқиғаға қатысты сот отырысы қыркүйек айының соңында болған. Сол кезде Алматы горнизонының әскери судьясы Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адамға қатысты үкім шығарған еді.

Үш жылдан сегіз жылға дейін сотталғандардың әрқайсысы түрмеде жазасын өтеп қана қоймай, зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударуға міндеттелген болатын.

Алайда адвокаттар апелляциялық шағым түсірген. Соның нәтижесінде жеті ер адамның төртеуі бостандыққа шығатын болды. Яғни төрт сотталушы үшін нақты мерзім үш жылдан төрт жылға дейін бостандықты шектеумен ауыстырылған.

Оларға 100 сағат мәжбүрлі жұмыс тағайындалған. Жазасы жеңілдеген төртеу бақылауда болады.

Ал тағы үш сотталушының жазасы өзгеріссіз қалған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік биыл ақпан айында болған еді. Ауылдастар арасында болған жанжалдан 11 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген еді. Төтенше жағдай салдарынан 20 коммерциялық нысан, 39 тұрғын үй мен 47 автокөлік жанып кеткен.

Жамбыл облыс басшысының баспасөз қызметі хабарланғандай, 7 ақпаннан 13 ақпанға дейін бір аптаның ішінде Қырғызстанға 23 131 адам кетіп қалған.

Тәртіпсіздіктің салдарын жою үшін 250 адам мен 53 техника бірлігі тартылып, 680 тонна құрылыс қалдықтары шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885597-kordajdagy-zappaj-trtipsizdikke-katyskan-trt-adam-bostandykka-sygatyn-boldy/

pixel