RU

Оңтүстік Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, бірақ еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 4...8℃ төмен болады", - деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК-да.

Айта кетейік, cиноптиктер ауа райының бұзылуына орай еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 20-22 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, дейді синоптиктер.

20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады деп болжануда. Мамандардың сөзінше, 20 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. 20 қарашада күндіз, 21 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Еске сала кетсек, Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885670-otstik-kazakstanda-aua-temperaturasy-krt-tmendejdi/