RU

Елордада тұрғын үй кешенінен жезөкшелікпен айналысуға арналған орын анықталды

Бойжеткеннің аяқтары
Көрнекі фото: politikus.ru

“STOP трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері интимдік қызметтер көрн сететіжеңіл жүрісті қыздарды ұсынатын төрт жеңгетай мен 36 жезөкшені ұстады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Елорда аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтауға, ашуға, жолын кесуге және алдын алуға бағытталған “STOP трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полицейлер азаматтарға интимдік қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар ұсынатын төрт жеңгетай мен 36 жезөкшені ұстады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну)  алты әкімшілік хаттама, 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу)  сегіз әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа полиция қызметкерлері 30 мың теңге ақша алып, ақылы жыныстық қызметтер көрсететін қыз ұсынған жеңгетайды ұстады. Жеңгетай бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ  полицейлер жеңгетайлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе оларды ұстаумен айналысатын тағы бір қала тұрғынын ұстады. Ол 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы алып,  тұтынушыларды ақылы жыныстық қызметтер көрсететін қыздармен жолықтырған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885680-elordada-trgyn-j-keseninen-zezkselikpen-ajnalysuga-arnalgan-oryn-anyktaldy/