Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"65 жастан асқандарға қауіп бар": 66 жастағы ШҚО әкімі коронавирустан қалай сақтанады

Опубликовано:

Даниал Даниал Ахметов үстелде отыр
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Орталық коммуникация қызметіндегі онлайн брифингте 66 жастағы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтен журналистер санитар дәрігерлердің нұсқаулығын сақтау мәселесін сұрады. Қазақстанда 65 жастан асқандарға коронавирус эпидемиясына байланысты үйден қандай да бір себепсіз шықпауға кеңес берілген еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"65 жастан асықан адамдарға үйден себепсіз шығуға болмайды, сіз санитар дәрігер талаптарын қалай сақтап жүрсіз?",- деді Ахметовтен журналистер.

Бұл сұрақты естіген әкім жымия отырып, талаптарды сақтауға тырысатынын айтты.

"Мен сақтауға тырысамын, бірақ кейде кездесуге баруға тура келеді. Кей жағдайлар мәселе туындататын кездер болады. Сол кезде кездесемін. Біз кездесу әлеуметтік ара-қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтауға тырысамыз. Бірақ, мен көп адаммен жүздесемін. Тәжірибе көрсеткендей, дәрігерлер нұсқауындағы алдын алу шараларын сақтаса, мұның барлығын жасауға болады",- деді ол.

Айта кетейік, бұрынғы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды. 20 қарашадан бастап ол оңтүстік астана санитарлық- эпидемиологиялық департамент басшысы орынбасары атанды.

Жаңа қызметі жайлы ақпаратты Байғабылов NUR.KZ тілшісіне растады. Ол жұмысқа бүгіннен бастап кіріскен. Еске салсақ, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады. Ол бұл қызметке сәуір айында келген.

Ал көліктегі бас санитар дәрігер болған Сәдуақас Байғабылов қызметке наурыз айында келген. Оған дейін Павлодар облысы бас санитар дәрігері болған.

Осы жылдың шілде айында Байғабылов эпидемиологиялық жағдай ушыққан Атырау облысына бас санитар дәрігер болып тағайындалды. Ол бұл қызметте екі апта істеді, көп ұзамай көліктегі бас санитар дәрігер қызметіне оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885691-65-zastan-askandarga-kauip-bar-66-zastagy-sko-kimi-koronavirustan-kalaj-saktanady/

pixel