Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында белгілі кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі азаматты ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Шу ауданында тұратын жергілікті белгілі кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өңірдің екі тұрғынын қолға түсіргенін атап өтті.

Ведомство мәліметінше, 15 қараша күні кезекші бөлімге 49 жастағы аудан тұрғыны түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйінің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.

Алайда ол ақша беруден бас тартқан. Осы кезде кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болыпты, алайда қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1885698-zambyl-oblysynda-belgili-ksipkerdi-jine-karaksylyk-sabuyl-zasaldy-video/

pixel