Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда отқа оранған пойыздың видеосы тарады

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Әлеуметтік желіде өртенген пойыздың видеосы тарап жатыр. Онда роликтің Нұр-Сұлтанда түсірілгені айтылған. Бұл оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің сөзінше, 9 қарашада таңғы сағат 03.11-де Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы 9/8 мекенжайында орналасқан пойыз жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Ол құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жеткенін мәлім етті.

№ 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы қызыл жалынның 50 шаршы метрге шарпығаны белгілі болды.

"Өрт салдарынан көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен", - деді Талғат Уәли.

Тілсіз жау таңғы сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндіріліпті.

Ведомсто өкілі қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін жеткізіп,. өрттің шығу себебі анықталып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885713-nr-sltanda-otka-orangan-pojyzdy-videosy-tarady/

pixel