RU

Қапшағайдағы казинолар жабылатын болды

Казино
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында карантин ұзартылатын болды. Тиісті қаулыны өңірдің бас санитар дәрігері қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатта шектеулерді жалғастырып, қосымша шектеу енгізу қажеттілігі мен бірқатар қосымша шара жайлы айтылған. Қаулының уақыты мен режимі коронавирус жағдайына байланысты өзгермек.

ШҚО-мен шекараласатын өңір аумағында дене қызуын өлшейтін және шыққан,- кіргендер жайлы дерек алу үшін санитарлық бекет орнату тапсырылды.

Сондай-ақ, залда 50 адамнан артық орны бар қоғамдық тамақтану орындарының, ойын-сауық нысандары мен бассейндердің, ойын орталықтары мен казино мен азарттық ойын өтетін ғимараттардың жұмысын уақытша тоқтату да міндеттелді.

Айта кетейік, Орталық коммуникация қызметіндегі онлайн брифингте 66 жастағы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтен журналистер санитар дәрігерлердің нұсқаулығын сақтау мәселесін сұрады. Қазақстанда 65 жастан асқандарға коронавирус эпидемиясына байланысты үйден қандай да бір себепсіз шықпауға кеңес берілген еді.

Сондай-ақ, бүгін бұрынғы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды. 20 қарашадан бастап ол оңтүстік астана санитарлық- эпидемиологиялық департамент басшысы орынбасары атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885716-kapsagajdagy-kazinolar-zabylatyn-boldy/