RU

Қазақстанның тағы бір қаласында екі жасар баланы ит талап тастады

Ит
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда ит екі жасар баланы талап тастады. Өңір полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпарынша, 18 қараша күні кешкі сағат 5 шамасында 102 пультіне "Жұлдыз-2" ықшамауданы тұрғынынан қоңырау келіп түскен. Ол екі жасар балаға ит шабуыл жасағанын хабарлаған. Полицейлер оқиға орнына бірден аттанды.

Ал балақай басы мен қолындағы жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Тәртіп сақшылары бүлдіршінді тістеген итті де тапты. Ол аудандағы өнеркәсіп базаларының бірінде жүрген. Құқыққорғау органдары қызметкерлері ит иесін тапты. Ол Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

Айта кетейік, Алматы облысында психикалық ауытқуы бар ағайындылар қаңғыбас иттер мен мысықтарды азаптаумен айналысқан.

14 қараша күні Талғар ауданының полиция бөліміне Панфилов кентінің 23 жастағы тұрғын хабарласып, аталған ауылда белгісіз біреулердің қаңғыбас иттер мен мысықтарды айуандықпен азаптап өлтіргені туралы айтқан.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бір тәулік ішінде Талғар ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында он шақты ит пен мысықты азаптап өлтірген 29 және 37 жастағы екеудің психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілерді психиатриялық ауруханаға орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1885736-kazakstanny-tagy-bir-kalasynda-eki-zasar-balany-it-talap-tastady/