RU

Алматыда бірнеше аудан тұрғындары апатқа байланысты жарықсыз қалды

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік астананың бірнеше аудан тұрғындары жарықсыз қалды. Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы электр энергиясын өшірудің себебі - апат екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мен "KEGOK" АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Алматының бірнеше ауданында электр энергиясын өшіру "KEGOK" АҚ жеткізуші желілері бойынша "АЛМА-500"қосалқы станциясының 500 кВ Солтүстік-Оңтүстік әуе желісінде болған апат салдарынан орын алған.

Қазіргі уақытта жою жұмыстары жүргізілуде, электр энергиясын қалпына келтірудің болжамды уақыты - 2020 жылғы 20 қараша сағат 19.00 - ге дейін", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Қалқаман шағын ауданында, Алатау ауданында, сондай-ақ Шевченко, Рысқұлов, Саин, Емцов көшелері мен Назарбаев даңғылында тұратын алматылықтар электр жарығы сөніп қалғанына шағымданды.

Айта кетейік, синоптиктер 2020 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. "Республикамыздың оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен күтіледі", - делінген хабарлама мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885755-almatyda-birnese-audan-trgyndary-apatka-bajlanysty-zaryksyz-kaldy/