Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

оңтүстік корея
Көрнекі фото: REUTERS / HEO RAN

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі өкілі Юн Тэ Хо республика астанасында коронавирус инфекциясы таралуының үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Korea Herald басылымы жазады.

Юн Тэ Хоның айтуынша, қазіргі таңда Сеулде қауіпті инфекция ақпан-наурыз және тамыз айларында тіркелген кездегідей таралып жатыр.

Осыған байланысты жақында денсаулық сақтау министрлігі биліктің күрделі жағдайды тиімді шеше алуы үшін әлеуметтік арақашықтық деңгейін түзету бойынша ұсыныстар жариялайтын болады.

Сонымен бірге, министрлік өкілі шектеулер деңгейінің жоғарылауы вирустың таралуын бәсеңдеткенімен, экономиканы айналып өтпейтінін атап өтті. Сондықтан муниципалды билік орындарына аймақтағы жағдайды саналы түрде бақылау тапсырылды.

Енді мегаполис тұрғындары әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Осы ретте адам көп баратын нысандар қызметіне шектеу қойылған.

Оқушыларға да шектеулер енгізілді. Енді оқу орындарына оқушылар жалпы санының үштен екісі бара алады, сабақтың бір бөлігі онлайн режимде өткізіледі.

Оңтүстік Корея үкіметі коронавирустың таралуы мүмкін аса қауіпті қызметке қатысты да қатаң шара қабылдап отыр. Мысалы, тауарды есіктен есікке дейін сату қолға алынған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін COVID-19-ды жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтып, зерттеу қорытындысын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885759-otstik-korea-covid-ti-sinsi-kezei-bastalgany-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel