Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есірткі жарнамалаған 22 жастағы қостанайлық 6 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

ер адам
Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz

Рудный қаласының полицейлері есірткіні жарнамалаған жергілікті тұрғынды ұстады. Енді 22 жастағы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған 22 жастағы жігітті қолға түсірген.

"Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау" қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", -делінген ведомство хабарламасында.

Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы әлі де жалғасады.

Еске сала кетсек, Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталғанын хабарлаған едік.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, арнайы жүргізілген операция барысында Абай даңғылының бойында "Hyundai" көлігі тоқтатылған. Көлікте екі ер адамның болғаны айтылды.

Тінту кезінде бір азаматтың қалтасынан "мефедрон" синтетикалық есірткі салынған орамалар табылған.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885776-esirtki-zarnamalagan-22-zastagy-kostanajlyk-6-zylga-sottaluy-mmkin/

pixel