Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозитке 27 млн теңге жинаған қазақстандық бір жылдан бері ақшасын ала алмай жүр

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды тұрғыны бір жылдан бері банктердің біріндегі депозитке сақтаған ақшасын ала алмай келеді. Ер адам жағдайға шенеуніктердің қатысуын сұрап отыр.

Қарағандылық Александр Ли отбасымен бірге ақшаларын банктердің біріндегі депозитте сақтаған. Ер адам, әйелі және қызы үш депозитке 27 млн теңге жинапты деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Өткен жылдың желтоқсанында қарағандылық өз ақшасын алмақ болған. Алайда банк қазір компанияда өзгерістер болып жатқанына сүйеніп, бірнеше уақыт күте тұруын өтінген.

"Мен депозитті 9 млн теңге көлемінде жабуды талап еттім. Қабылдамады. "Ертең келіңіз, азырақ сомасын береміз" деді. Міне осылай жыл өтті. Не банк тарапынан, не мемлекеттік органдар тарапынан мәселе шешілмей келеді", - дейді ер адам.

Телеарнаның айтуынша, банк клиентінің алдындағы міндетін мойындап отыр. Алайда клиентке ақшаны қашан беретіні туралы айта алмайды. Мамандардың сөзінше, төлемдер банктің басқа қаржы институтымен бірігуіне байланысты кешіктірілген.

Александр Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне шағым түсірген. Шенеуніктер банк пен клиент арасындағы келісім-шартқа араласа алмайтындарын айтып, оған сотқа жүгінуге кеңес берген. Дегенмен ведомство жағдайды бақылайтындарын айтыпты.

Александар ақша алу процесі созылып кете ме деп алаңдаулы. Одан бөлек, ер адам депозиттегі ақшадан төлеймін деп жақында ғана пәтер сатып алған. Ол жағдайға шенеуніктердің араласуын сұрайды.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясы мен дағдарысқа қарамастан, қазақстандықтардың банктердегі депозит мөлшері 13 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885786-depozitke-27-mln-tege-zinagan-kazakstandyk-bir-zyldan-beri-aksasyn-ala-almaj-zr/

pixel