RU

Нұр-Сұлтанда ер адам 10 жасар екі қызды пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанда полицейлер кәмелет жасына толмаған екі баланы тонады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық ПД сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бірінші жағдайда ер адам Конституция көшесінде би үйірмесінен үйіне қайтып келе жатқан 10 жастағы 2 қыз баланы аңдыған. Оларды пышақпен қорқытып, біреуінің ұялы телефонын тартып алған.

Сол күні кешке дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысының да ұялы телефонын тартып алған.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс туралы полицияға ата-аналары хабарлаған.

"Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты", - деді полиция.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Сондай-ақ Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалды.

Жергілікті тұрғын Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ол түскі асқа үйіне келгенде, белгісіз әйелді аңғарған.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оны көріп, терезеден қашып кетуге әрекет жасаған. Алайда үй иесі күдіктіні қуып жетіп, оны ұстап алған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1885789-nr-sltanda-10-zasar-eki-kyzdy-pysakpen-korkytyp-telefonyn-tartyp-algan/