Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір адам қаза тауып, зардап шеккендер бар: Нұр-Сұлтандағы кафеде жарылыс болды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтандағы дәмханада газ баллоны жарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт бүгін, 21 қарашада сағат 12.25-те болған. ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр.

Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілген.

Өртті ауыздықтау үшін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, 29 қазанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шоңжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехте жарылыс болған еді. Салдарынан 37 жастағы бір ер адам көз жұмған болатын.

Ал 27 қазанда Алматыдағы Car City жанындағы ангарда ірі өрт болды. Қызыл жалынның салдарынан тоғыз көлік жанып кеткен. Оларды қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сонымен бірге сыртта тұрған тағы 3 көлікке зақым келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1885795-bir-adam-kajtys-boldy-nr-sltandagy-kafede-zarylys-boldy-foto/

pixel