RU

Еліміздің тағы екі облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында карантин шаралары қатаңдатылды. Өңірлердегі ТКҚСҚБД ресми сайттарында тиісті қаулы жарық көрді.

БҚО-да қатаң шектеу шаралары 10 қарашада енгізілген. Ал бүгін өңірдің бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев оларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтайды.

Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін (жексенбі және мереке күндерін қоспағанда), қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен және біркелкі қозғалыс кестесімен жұмыс істейтін болады

Құжаттың толық мәтінімен осы жерде танысуға болады.

Сондай-ақ бүгін Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло өңірдегі карантин шараларын тағы бір аптаға ұзартты. Жарлық 9 қарашада күшіне енген. Енді енгізілген өзгертулерге сәйкес, 30 қарашаға дейін сақталатын болады.

Бұрынғыша кез келген дейгейдегі жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынады. Құжата сәйкес, енді өңірде 22.00 мен 06.00 аралығында такси қатынай алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар маска тағуға міндетті. Сондай-ақ банкет залдары, аквапарк, термопарк қызметіне тыйым салынған.

Құжаттың толық мәтінімен осы жерде танысуға болады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1885810-elimizdi-tagy-eki-oblysynda-kata-karantin-saralary-zartyldy/