RU

Өткен тәулікте елде қанша адам коронавирус жұқтырды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 756 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 59

Алматы қаласы - 52

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 56

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 26

Атырау облысы - 13

Шығыс Қазақстан облысы - 198

Жамбыл облысы - 10

Батыс Қазақстан облысы - 43

Қарағанды облысы - 18

Қостанай облысы - 75

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 93

Солтүстік Қазақстан облысы - 91

Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 125466.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында карантин шаралары қатаңдатылды. Өңірлердегі ТКҚСҚБД ресми сайттарында тиісті қаулы жарық көрді.

БҚО-да қатаң шектеу шаралары 10 қарашада енгізілген. Ал кеше өңірдің бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев оларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885818-tken-tulikte-elde-koronavirus-zktyrgan-756-adam-anyktaldy/