RU

Батыс Қазақстанда санитарлық бекеттер алынады

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы 24 қарашадан бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, облыстағы санитарлық посттар алынады.

Сондай-ақ, сенбі күндері сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады, қоғамдық көліктер жүреді. Ал ашық базарлар жексенбі күні де жұмыс істейді. Есесіне жексенбі және мереке күндері сауда үйлері мен орталықтары (бутиктер, павильондар), онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жабық базарлар жұмыс істемейді.

Сол секілді қоғамдық көліктер де бұл күндері тоқтатылады. Облыс көлемінде басқа да шектеулер сақталады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында карантин шаралары қатаңдатылды. Өңірлердегі ТКҚСҚБД ресми сайттарында тиісті қаулы жарық көрді.

Ал Ресейде бір тәулікте 24 822 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Сондай-ақ 467 науқас қайтыс болған. Пандемия басталғалы бері мұнда 2 064 748 ресейліктен коронавирус анықталған. Соның ішінде 1 577 435 адам аурудан айығып шықса, тағы 35 778 пациент вирустың құрбанына айналған.

Украинада да бір тәулік ішінде тағы 14 580 жағдай расталған. Бұл аталған мемлекетте максималды өсім болып саналады. Бұл елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 612 665 адамға жетті. Олардың 10 813-і қайтыс болып, 282 313-і аурудан жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885819-batys-kazakstanda-sanitarlyk-beketter-alynady/