RU

Балқаш көлінен 650 келі балық аулаған браконьер ұсталды

Балықтар
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы облысының Балқаш көлінен 650 келі балық аулаған браконьер ұсталды деп хабарлайды polisia.kz.

Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластикалық қайықты, 1000 метр қытайлық торды, 79 кг балықты тәркіледі. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігінің 5-тармағы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркеліп, аталған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, Балқаш ауданының Қарой ауылында 52 жастағы жергілікті тұрғыннан 650 кг балық тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі  (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары қаладағы аудандардың бірінен Қызыл кітапқа енген аққуды тауып алды.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, құс бірінші шағын аудандағы 59 үйдің маңына құлаған. Болжам бойынша, ауа температурасының төмен болуы салдарынан аққу дұрыс ұша алмаған. Жерге құлаған кезде алған соққысынан құс жарақат алған болуы мүмкін. Өйткені оның қанаты қанға боялыпты. Кейінірек аққуды құтқару мүмкін болмағаны, оның өлгені хабарланды.

Ал осыған дейін БҚО-да мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885821-balkas-klinen-650-keli-balyk-aulagan-brakoner-staldy/