Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Локдаунға қарсы: Еуропада наразылықтың жаңа толқыны басталды

Опубликовано:

Еуропадағы наразылық
Видеодан кадр: Sputnik Қазақстан

Еуропада локдаунға қарсы наразылықтың жаңа толқыны басталды. Мыңдаған адам Бранденбург қақпасының алдына жиналып, бетперде тағудан бас тартқан деп жазады Sputnik Қазақстан.

Келісілген бейбіт демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары наразылық білдіргендерді тарату үшін күш қолданды: көз жасаурататын газ және суатқыштар. Үш жүзден астам адам ұсталды.

Германия парламенті наразылыққа қарамастан халықты инфекциядан қорғау туралы заңға түзетулер қабылдады. Олар федералды денсаулық сақтау министрлігінің пандемия кезінде шектеу шараларын қатаңдату бойынша өкілеттігін кеңейтеді.

Заңға қарсы шыққандар билік азаматтардың құқығын бұзып отыр деп санайды.

Карантин мен шектеулерге қарсы наразылық акциялары Еуропаның көптеген мемлекетінде өтіп жатыр. Мәселен, Франция, Испания, Италия, Чехия және Словакияда халықтың үкіметтің шараларына көңілі толмайды.

Ал Қазақстанға келер болсақ, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында карантин шаралары қатаңдатылды. Өңірлердегі ТКҚСҚБД ресми сайттарында тиісті қаулы жарық көрді.

БҚО-да қатаң шектеу шаралары 10 қарашада енгізілген. Ал бүгін өңірдің бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев оларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885826-lokdaunga-karsy-europada-narazylykty-zaa-tolkyny-bastaldy/

pixel