RU

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 157 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Оған қоса 99 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41159, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30059 жетті.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында карантин шаралары қатаңдатылды. Өңірлердегі ТКҚСҚБД ресми сайттарында тиісті қаулы жарық көрді.

БҚО-да қатаң шектеу шаралары 10 қарашада енгізілген. Ал бүгін өңірдің бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев оларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885837-tken-tulikte-koronavirus-infekciasy-belgileri-bar-pnevmoniadan-eki-adam-kz-zmdy/