RU

Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр: Ғалымдар дабыл қағуда

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Ғалымдар COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарда пайда болған иммунитет қаракүзеннен жұғатын вирустан қорғай алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Данияда қаракүзендер жұқтырған коронавирус мутацияға ұшырады. Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам таралатын болып шықты. Бұл туралы Джордж Мейсон университеті жүйелі биология мектебінің профессоры Анча Баранова мәлімдеді.

"Мутацияға ұшыраған штамм вирусты көп мөлшерде бөледі. Егер бұл инфекция адамдар арасында таралып кетсе, неге әкеп соғуы мүмкін? Былайша айтқанда, "супертаратушылар" көбейе түседі. Бұл індетке шалдыққандар вирусты өте көп адамға жұқтыруы мүмкін", - деді Баранова.

Ғалымдардың зерттеуінше, жануардан алынған вирустың жаңа штаммы бастапқыдан ерекшеленеді.

РИА Новости басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда Данияда коронавирус жұқтырған қаракүзендер ағзасында өзгеріске ұшыраған инфекция туралы ғылыми зерттеу жарияланбақ.

Зерттеушілер COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарда пайда болған иммунитет оны қаракүзендер тарататын коронавирустан қорғай алмайды деп санайды. 

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа деректері белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан аумағында қауіпті індет 756 адамнан анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Аймақтар көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысы әлі көш бастап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885841-koronavirusty-zaa-stammy-taralyp-zatyr-galymdar-dabyl-kaguda/