RU

Геннадий Головкин 2021 жылы кімдерден жұдырықтасуы мүмкін

Геннадий Головкин шапанмен
Фото: twitter.com/gggboxing

Танымал спорттық журналдың шолушылары келесі жылдың бірінші жартысында қазақстандық Геннадий Головкиннің кімдермен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Олар нақты есімдерді атады.

Спорт саласының мамандары GGG титулын қорғап шыққаннан кейін оның кімдермен кездесуі мүмкін екеніне қатысты болжамдарымен бөлісті. Олар Головкиннің болжалды төрт қарсыласын атап өтті. Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлады.

"Головкин әлем чемпионы титулының міндетті қорғанысын өткізген соң тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ол Сауль Альвареспен, Хайме Мунгиеямен, Билли Джо Сондерспен немесе Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасуы әбден мүмкін", - деді The Athletic журналының шолушылары.

Олардың пікірінше, бұл жекпе-жектер алдағы жылдың бірінші жартысында өтуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. Белгілі спортшының кіммен жұдырықтасатынына қатысты UFC басшысы жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885849-gennadij-golovkin-2021-zyly-kimderden-zdyryktasuy-mmkin/