RU

Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы жолдарында пайда болған қызық жолақ нені білдіреді
Жолдағы жаңа жолақтар. Фото: Алматы қаласы мобильдік басқармасы

Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының хабарлауынша, 2020 жылғы 23 қараша күні сағат 08:00-ден 2020 жылғы 3 желтоқсан сағат 08:00-ге дейін Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол жартылай жабылады.

Уақытша шектеулер осы сегменттің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырларды жоспарлы ауыстыру үшін енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскери киімді заңсыз кигендерге айыппұл салынатынын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, еліміздің тағы екі облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885858-almatyda-zol-kiylystaryny-birinde-klik-kozgalysy-sekteledi/