RU

Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Терезе
Көрнекі фото: vsluh.ru: UGC

Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің ауласында жасөспірімнің денесі жатқан видео пайда болды . Бейнеде полиция қызметкерлері жылап жатқан әйелді ұстап, жұбатуда. Белгілі болғандай, 13 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің төбесінен секірген. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.

«Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, елордада дәмханада газ баллоны жарылып, оның салдарынан 35 адам зардап шекті. Бүгін төтенше жағдайдан жарақат алған 22 адамның ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы дәмханада орын алған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885860-karagandyda-zasspirim-togyzynsy-kabattan-sekirip-ketti/