RU

Павлодар облысында тас жолдағы апаттан екі көлік жүргізушісі қайтыс болды

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында болған жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің Instagram парақшасы.

Жол апаты 21 қарашада сағат 23:30-да Павлодар ауданы Сычевка ауыы маңында, "Павлодар-Омск" тас жолының 31 шақырымында болған.

"ВАЗ-2107" мен "Лада Веста" көлікерінің соғысаны хабарланды. Алған жарақаттарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмған. Олар 53 және 40 жата болыпты. ВАЗ жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Екі автокөлікте айып тұрағыа қойылды.

Еске сала кетсек, сенбі, 14 қараша күні Түркістан облысында полицияның қызметтік көлігі шетелдік автомобильмен соқтығысып қалған еді.

Құқыққорғау органдарында Кентау-Түркістан тас жолындағы жол апатына қатысушылардың бірі Nexia маркалы автокөлігі екенін мәлімдеді. Көліктер ауыл маңында соқтығысып қалған. Салдарынан алты адам - қос көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы зардап шеккен.

"Nexia автокөлігінің жүргізушісі жол апатына кінәлі екенін мойындады. Тергеушілер оқиғаның анық-қанығын зерттеп жатыр", - деді полицияда.

Айта кетейік, 12 қарашаның түнінде оңтүстік астанада 39 жол апаты болды. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлады.

Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның тоғызында зардап шеккендер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885884-pavlodar-oblysynda-tas-zolda-soktygyskan-eki-klikti-zrgizusisi-de-kajtys-boldy/