Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Қарабақтың аумақтық иелігіне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Путин
Владимир Путин. Фото: Facebook

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақтың аумақтық иелігі мәселесіне қатысты мемлекеттің ресми позициясын белгіледі.

"Россия 1" телеарнасының тікелей эфирі кезінде Владимир Путин Таулы Қарабақтың аумақтық иелігіне қатысты Ресей Федерациясының ресми позициясы қандай екенін айтты.

Ресей басшысы бұл мәселеде Арменияның Таулы Қарабақ сувернитетін ресми түрде мойындамағанын ескерген жөн екенін атап өтті.

Сол себепті, оның айтуынша, халықаралық құқық көзқарасы бойынша Таулы Қарабақ пен оның маңайында орналасқан барлық аудандар Әзірбайжан иелігі болып табылады.

Оған қоса, президент Ресейдің аталмыш қарулы қақтығысқа бастапқыда кіріспеу керек болған. Өйткені, РФ мен Армения арасындағы келісімшарт бойынша, мемлекетке қатысты агрессиялық әрекеттер жасалған жағдайда әскери көмекті ұсыну қарастырылған.

Путиннің сөзінше, Армения аумағында соғыс әрекеттері жүргізілммегендіктен Ресей онда кіріспеу керек еді.

"Армения өзін тастанды әрі ұмыт болғандай сезінген жоқ. Оны үлкен сеніммен айта аламын. Ресей ондай жағдайды болдырмас үшін барын істеді" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1885890-putin-karabahty-aumaktyk-ieligine-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel