Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс жаңа пандемия басталады деп ескерту жасады

Опубликовано:

Билл Гейтс
Билл Гейтс. Фото: Jack Taylor/Getty Images

Америкалық кәсіпкер әрі Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзат баласын болашақта жаңа пандемия күтіп тұр деген мәлімдеме жасады.

Билл Гейтс өзінің подкастында актриса Рашида Джонс және АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучимен бірге коронавирус пандемиясын талқылады.

Джонс миллиардерге әлемде тағы бір пандемия болу қаупі бар ма деген сауал қойды. Гейтс болса "иә" деп жауап берген.

"Егер бұл жиырма жылдан кейін болса біздің жолымыз болады", - деді ол.

Гейтстің сөзінше, пандемия жағдайы ертерек, шамамен үш жылдан кейін қайта басталуы мүмкін деген сценарий бар. Алайда жаңа пандемия бастала қалса, адамзат оған дайын.

Ол күнге дейін билік карантин алгоритмін жетілдіріп, тестілеу жүйесі бір қалыпқа келтіріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемия 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін деді.

"Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыру көрсеткішін төмендете аламыз", - деді ол.

Айта кетейік, Билл Гейтске коронавирус жасап шығарды деген айып тағылған болатын.

Оқиға 2015 жылы Билл Гейтстің сөйлеген сөзінен басталды. Ол TED конференциясында сөз сөйлеп, адамзаттың болашағы туралы пікір білдірген.

Атап айтқанда, ол өз сөзінде барлық адамдардың басты жауы - ядролық соғыс емес, өлімге әкелетін белгісіз вирус деген еді.

Кейінірек, филантроп адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1885892-bill-gejts-zaa-pandemia-bastalady-dep-eskertu-zasady/

pixel