RU

Трамптың жеңілісін дөп болжаған экстрасенс COVID-19 қашан аяқталатынын айтты

Коронавирус
Көрнекі фото: Matthias Rietschel-Pool/Getty Images

Бұған дейін пандемия мен Дональд Трамптың жеңілісін дөп болжаған британиялық экстрасенс 2021-2022 жылға арналған болжамын ұсынды деп жазады The Sun.

АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіліс табатынын болжаған Николас Ауджула пандемияның қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, соңғы уақытта экстрансенске коронавирус туралы сауалдар жиі қойылатын болған.

"Жаңа жылдан кейін ол бірқалыпты болады және ауру жұқтыру деңгейі 2021 жылдың көктеміне қарай бақыланатын деңгейге дейін түседі деп болжаймын", - деді Николас Ауджула.

Сонымен бірге ол коронавирус және оған байланысты карантиндік шектеулер 2022 жылға дейін созылуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемия 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін деді.

"Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыру көрсеткішін төмендете аламыз", - деді ол.

Сондай-ақ бүгін америкалық кәсіпкер әрі Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзат баласын болашақта жаңа пандемия күтіп тұр деген мәлімдеме жасағаны белгілі болды.

Гейтстің сөзінше, пандемия шамамен үш жылдан кейін қайта басталуы мүмкін деген сценарий бар. Алайда жаңа пандемия бастала қалса, адамзат оған дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885899-trampty-zeilisin-dp-bolzagan-ekstrasens-covid-19-kasan-aaktalatynyn-ajtty/