RU

Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

тоқаев жаңа сурет
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook ресми парақшасында мәлімдеді.

Оның жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

қарағанды
Фото: www.facebook.com

"Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездескен болатын.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885911-tokaev-karagandy-oblysyna-zmys-saparymen-keldi/