RU

Шенеуніктердің артық салмағымен күресу жолы табылды

Таразы, дене өлшегіш пен алма
Көрнекі фото: CCO/TeroVesalainen

2021 жылдан бастап көрші Өзбекстанда мемлекетттік орган қызметкерлері үзіліс кезінде міндетті түрде гимнастика жасайтын болады. Шенеуніктердің салмағы енді заңнама жүзігде қадағаланбақ деп жазады Sputnik Қазақстан.

Өзбекстан елінде енді шенеуніктердің артық салмағы заңнамалық деңгейде бақылауға алынатын болды. Көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды.

Заңнамалық құжатқа сәйкес, мемлекеттік орган мен ұйым қызметкерлері, жетекшілері дене шынықтырумен айналысуға міндеттеледі. Түрлі спорт сайыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аптасына кем дегенде бір рет спортпен шұғылдану қарастырылған. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап, өзбекстандық шенеуніктер жұмыстағы үзіліс кезінде гимнастика жасауға тиісті болады. 

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін "Өзбекстанның ұлттық және спорттық ойындары энциклопедиясы" жарық көреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жұмыс берушілер де енді қызметкерлеріне жаттығу жасататын болады. Белгілі болғандай, аталған ережелер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі негізінде қабылданды.

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің жынысына, жасына, еңбек шартына, атқаратын қызметіне байланысты дене жаттығулар кешенін жасап шығарулары тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885924-seneunikterdi-artyk-salmagymen-kresu-zoly-tabyldy/