Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жасырын покер-клуб ұйымдастырған азамат сотталды

Опубликовано:

Покер клуб
Видеодан кадр: ҚР ҚМ ҚМК

Шымкент тұрғыны Қонаев даңғылында орналасқан пәтерді жалға алып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл туралы ақпарат Экономикалық тергеу департаментіне мәлім болып, ұйымдастырушы сотқа тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР Қаржы мониторингі жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте жалданған пәтерде жасырын покер ойнағандар экономикалық тергеу департаментінің назарына ілікті. Нәтижесінде ойын ұйымдастырушы сотқа тартылып, бір жылға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, ол 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуі тиіс. Оқиға орнында анықталған 100 мың теңге мемлекет кірісіне жіберілді.

Дилерге арналған жиынтық пен 200 фишка өртелді. ҚР ҚМ ҚМК оперативті түсірілім кадрларын бөлісті.

Айта кетейік, Қостанай облысы Байғабыл ауылының тұрғыны коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Келіншек осыған орай карантинге қарамастан, үйінде мереке ұйымдастырған. Бұл туралы ақпарат ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Коронавирустан жазылып шыққан әйел өз үйінде мереке ұйымдастырған. Шақырылған қонақтар арасында оның жақын туыстары мен достары болыпты. Карантин кезінде жаппай іс-шара өткізіп жатқанын көрген көршілер мерекенің алдын алу үшін жедел топты шақырған. ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Үй иесі көршілері мен туыстарын қонаққа шақырған, жиналғандар шағын бөлмеде сауық-сайран құрып отырған", - делінген хабарламада.

Комитеттің ақпаратынша, әйел жергілікті орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оған 41 670 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885925-symkentte-zasyryn-poker-klub-jymdastyrgan-azamat-sottaldy-video/

pixel