Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдің бұрынғы бас полицейі қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мақсат Зекенов
Фото: express-k.kz

Семей полиция басқармасының бұрынғы басшысы Мақсат Зекенов өз қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Зекенов қызметінен қандай себеппен кеткенін Facebook парақшасында айтты.

"Семей полициясының құрамын сыртқы арандатулардан қорғау мақсатымен жұмыс орынымнан кетуге мәжбүр болдым.

Соңғы апталарда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан анонимді хабарламалардың себебінен менің және қызметкерлерімнің өмірінде жағымсыз оқиғалар орын алып жатыр.

Мен мұны арандатушылық деп атаймын, себебі мұндай хабарламалардың заңды күші жоқ. Мені қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған мән-жайларды анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатқанда, мен қылмыстық процестің маңызды қағидаларының бірі - кінәсіздік презумпциясына жүгінгім келеді", - деді ол.

Семей полициясының бұрынғы басшычы мұндай жағдайда кез келген азаматтың айғақ беруге құқығы барын, алайда кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес екенін, сол себепті осы айтқандары өзінің жеке шешімі екенін айтты.

"Мұндай мәлімдемелер құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін әдеттен тыс, бірақ заңдылықты сақтау үшін мен сіздердің бұл жағдайға басқа тараптан да қарағандарыңызды жөн көрдім.

Үкім шығарар алдында дәлелдемелер тексерілетін, тараптар мен куәгерлерден жауап алынатын, сарапшылардың қорытындылары тыңдалатын, заттай дәлелдемелер, хаттамалар және басқа да құжаттар ұсынылатын процесс өтуі керек.

Егер Семей қаласының тұрғындары менің қызметімді қаламызда жалғастырғанымды қаламаса, мен полиция басшысы қызметінен кетемін. Бірақ мен бұл қадамды ешқандай дәлелсіз жазылған анонимді хаттар үшін емес, тек тұрғындардың өтініші бойынша жасаймын.

Құқық қорғау органдарында жұмыс істей беремін бе немесе зейнетке шығамын ба, оны ішкі істер жүйесі шешеді", - деді Зекенов.

Мақсат Зекенов пандемия кезінде адамдар тек денсаулығы үшін ғана емес ақпараттық қауіпсіздігі үшін де күресуге мәжбүр екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Семей полициясы басшысының үстінен анонимді арыз түскен болатын. Кейінірек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласы полициясы бастығы мен басқарма бастығы қызметінен кететінін айтты.

Осыдан соң Мақсат Зекенов өз еркімен қызметінен кеткені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885940-semejdi-bryngy-bas-policeji-kyzmetinen-ketuine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel