RU

"Үшінші толқыны болуы мүмкін": ДДСҰ маңызды мәлімдеме жасады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті деп хабарлады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстандағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдеріне вирусты бақылауға алуы керек екенін жеткізді.

Ведомсто мәліметінше, Еуропа коронавирус инфекциясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін. 

"Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды салуды жіберіп алды. Қазіргі уақытта екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро.

Ол сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін атап өтті..

Маманның сөзінше, вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек.

"Әсіресе бастапқыда вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде. Егер сіз сенімсіз әрекет жасасаңыз, мәселе өте тез ушығады", - деді ДДСҰ-ның арнайы өкілі.

Айта кетейік, Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. 

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте 716 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 126 182-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885959-sinsi-tolkyny-boluy-mmkin-dds-mayzdy-mlimdeme-zasady/