Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кафелер жұмыс істейді, ал банкет залдарға рұқсат жоқ: Министрлік себебін түсіндірді

Опубликовано:

Дастархан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде мейрамхана иесі денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан банкет залдарына жұмыс істеуге неге рұқсат берілмегенін сұрады. Олар наурыздан бастап қызметін тоқтатқан. Ал басқа қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат берілген. Кәсіпкердің үндеуі "Ашық диалог" порталында пайда болды.

Мейрамхана иесі өз нысаны сегіз айдан бері жұмыс істемей тұрғанын айтады.

"Біз өзімізді сақтап қалу үшін тамақ жеткізу қызметін іске қостық, бірақ оң нәтиже берген жоқ. Қаражат коммуналдық төлемдері төлеуге әрең жетті", - дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету банкет өткізетін типтегі мейрамханаларды айналып өткен. Ал салтанатты кешке ақша төлеген тапсырыс берушілер қаржыны қайтаруды сұраған. Тиісті қаражат қызметкерлер жалақысынан төленген.

"Тапсырыс берушілердің шығынын өтеу, ресми рұқсатты үш ай бойы бізбен бірге күткен жұмысшыларды ұстап қалу, коммуналдық төлемдерді өтеу және тағы басқалар үшін ақшаны қайдан аламыз? Бір ғана жауап - заң бұзу", - дейді ол.

Сондай-ақ азамат жұмыс істеуге рұқсат берілсе, санитарлық талаптар мен нормаларды сақтауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар кәсіпкер еліміздің санитар дәрігерлері енгізген шектеу шаралары мен жұмыс ережелері бойынша "А- ля - карт" форматында жұмыс істейтін орындар мен "Банкет өткізетін мейрамхана" орындарының айырмашылығы қандай?", - деп сұрады.

Кәсіпкердің үндеуіне денсаулық сақтау министрлігі сантарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді.

"Банкет залдарының қызметіне, оның ішінде адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу ағымдағы эпидемиологиялық жағдаймен байланысты, сондай-ақ бүгінгі күні күзгі-қысқы кезеңде COVID-19 екінші толқыны болмайтынына кепілдік жоқ екеніне негізделген", - деді комитет.

Банкеттік шаралар, салтанатты рәсімдер жабық ғимараттарда өтеді, мұндай шаралар меймандар арасында байланыс орнататын ойын-сауық бөлімдерді қамтиды.

"Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек негізгі функция - тамақтану бойынша қызметтерді ұсынады", - деп атап өтті ведомствода.

Комитет ақпарынша, банкет залдарының жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мәселені ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешеді.

Ведомство кәсіпкерлерден қызметкерлерге ауру жұқтыру қаупін тудырмай, енгізілген карантин шараларын сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандық компаниялар ұжымдық кеш өткізуден бас тартып жатыр. Олар мерекені жақындарымен қарсы алмақ. Ереже бойынша банкеттерге тек 50 адам қатыса алатын болғандықтан, ірі компаниялар да ауқымды кеш ұйымдастырмайтын болды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев та коронавирус жағдайы жақсармайынша, ешқандай мейрам болмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885975-kafeler-zmys-istejdi-al-banket-zaldarga-rksat-zok-ministrlik-sebebin-tsindirdi/

pixel