Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыссыз азаматтар мемлекеттік қызметтерді Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы ала алады

Опубликовано:

Фото
Фото: "Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 17 қарашасынан бастап Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тестілік режимде Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету қызметтерін іске қосты.

Пилоттық жоба шеңберінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығынан Enbek.kz арқылы азаматтар келесі қызметтерді ала алады:

1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға, оның ішінде:

  • жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу және еңбек делдалдығын көрсету,
  • жұмыссыз ретінде тіркелу,
  • мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар) бос жұмыс орындарын таңдау.

2. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.

Қызметтерді пайдалану үшін Enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында тіркелу жеткілікті.

Электрондық еңбек биржасындағы "Жеке кабинетте " алматылықтар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде есепке тұра алады, жұмыссыз адам ретінде мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады және т.б. жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық еңбек биржасында тіркеуден өту қажет.

Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, Қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын пайдалана отырып, Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады. Бұл азаматтарға Халықты жұмыспен қамту орталығының маманына қабылдауға кезек күтпеуге және COVID-19 пандемиясы жағдайында жақын байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы
Фото: "Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында азаматтарға Enbek.kz. электрондық еңбек биржасы порталы арқылы қызметтерді қалай алуға болатынын түсіндіретін консультанттар бар.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, тек Жұмыспен қамту орталығының қызметтерін алушылар үшін консультанттар электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға көмектеседі, ол онлайн қызметтерді алу үшін қажет.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғандықовтың айтуынша, электрондық еңбек биржасындағы пилоттық жоба жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алуды жеңілдету үшін іске қосылды. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады".

Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, егер үш жұмыс күні ішінде портал адамға лайықты жұмыс таба алмаса, онда электрондық еңбек биржасы жұмыссыз ретінде тіркеуді автоматты түрде жүзеге асырады. Осылайша, адамдық фактор толығымен алынып тасталады.

Фото
Фото: "Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ

"Жеке кабинетте" азаматтар өздерінің тіркелу кезеңдерін қадағалай алады. Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар онлайн режимде электрондық еңбек биржасында жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына – жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады. Жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз ретінде тіркелу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алу бойынша қызмет көрсету туралы электрондық еңбек биржасы порталында не Халықты жұмыспен қамту орталығында толығырақ білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885992-zmyssyz-azamattar-memlekettik-kyzmetterdi-enbekkz-elektrondyk-ebek-birzasy-arkyly-ala-alady/

pixel