Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үйден бір миллион теңге алып шықты (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Алтайньюс

Шығыс Қазақстан облысынданың Риддер қаласында өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңгені алып шықты деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 21 қарашада түнде Риддер қаласының Семей көшесінде үй өртке оранған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушыларға үй иесінің іште екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын айтқан.

Баспананы толықтай жалын шарпығанына қарамастан, өрт сөндірушілер екі баллонды, ақша мен құжаттарды тауып, сыртқа алып шыққан.

Ведомсто үй иесіне заттар сол жерде қайтарылғанын хабарлады.

Кейінірек өрттің шығуына пештің дұрыс қосылмағаны себеп болғаны анықталды.

Фото
Фото: Алтайньюс

Еске сала кетейік, өткен демалыста Нұр-Сұлтанда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болған еді.

Осы оқиғадан кейін қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетілетіндігін айтқан Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Дәмханада орын алған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы елорда кафелерінің бірінде газ баллонының жарылуынан жарақат алғандардың жағдайы туралы хабарлады. Олардың мәліметінше, үш адам өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886015-sko-da-rt-sndirusiler-kyzyl-zalynga-orangan-jden-bir-million-tege-alyp-sykty-foto/

pixel