Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы оқу жылы Қарулы Күштерде "Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі" ұранымен өтеді

Опубликовано:

Қарулы күштер1
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствасының аппарат кеңесінде әскерлердің жаңа оқу жылына даярлық мәселелері қаралды.

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары жаңа оқу жылына полигондарды толық тазартуды, материалдық оқу-жаттығу базаларын даярлауды жүргізгендерін жеткізді.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жоспарға сәйкес "жас жауынгер курсын" аяқтаған соң әскери ант қабылдайды. Алдағы аптада жеке құрамға штаттық қару мен әскери техниканы бекіту және салтанатты түрде тапсыру жоспарлануда.

Қарулы күштер6
Фото: Қорғаныс министрлігі

Гарнизондар бастықтарына қыстың суық кезеңдерінде әскери қалашықтардағы коммуналдық тұрғын үй қорлары коммуникацияларының үздіксіз қызмет атқаруын арттыруын бақылау тапсырылды. Ақаулар табылған жағдайлар туындағанда оларды аудандық пайдалану бөлімдерінің күшімен жою, сондай-ақ мердігерлерге объектілердің қалыпқа келтіру жөніндегі оларға берілген кепілдік міндеттемелер ауқымында жұмысқа тарту тапсырылды.

Қарулы күштер9
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Ел Президентінің Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқасында берген тапсырмаларын толық және уақтылы іске асыру үшін Қаулы әзірленгенін атап өтті. Барлық лауазымдағы адамдарға міндеттер бекітіліп, оны орындауда негізгі күш жұмсалу қажет.

Бүгінгі күні Қарулы Күштерде қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың практикасы мен тәжірибесі ескеріліп, қажетті ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілді, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға түзетулер енгізілді.

Әскер6
Фото: Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, кеңесте бас қолбасшыларға заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін Қарулы Күштерге қатысты егжей-тегжейлі зерделеу жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл тәжірибе Қорғаныс министрлігінде жалпыланып, әрі қарай даярлықтарды жоспарлау кезінде және әскерлерге қолдану бойынша басшылық құжаттарын әзірлеу барысында пайдалану тиістігін айтып өтті.

длорпавы
Фото: Қорғаныс министрлігі

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс-шараларда халыққа көмек көрсету үшін күштер мен құралдардың даярлығы туралы баяндады. Жергілікті атқарушы органдардан сұрау келіп тсүкен жағдайда әскери медициналық бөлімшелер еліміздің кез-келген өңірінде өз қызметін ұйымдастыруға дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886057-aldagy-oku-zyly-karuly-ksterde-ly-dala-skeri---tuelsizdik-tiregi-ranymen-tedi/

pixel