RU

Бес облыс "қызыл" аймақта: Мамин министрлерге қандай тапсырма берді

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі коронавируспен ауырғандар саны Қазақстанның барлық өңірінде өскенін атап өтті.

Ведомство мәліметінше, ел бойынша вирустың репродуктивтілік көрсеткіші – 1,07 құрап отыр. Инфекциялық төсек-орындардың 22, реанимациялық төсек-орындардың 17%-ы толған.

"Қызыл" аймақта 5 өңір:

  • Шығыс Қазақстан;
  • Павлодар;
  • Қостанай;
  • Солтүстік Қазақстан;
  • Ақмола.

"Сары" аймақта Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оған ведомстволық ауруханалар мен госпитальдар 100% дайын болу қажеттігін атап өтті.

Ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ұжымдарда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын бақылауды күшейтуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге коронавирус инфекциясына жасалған зертханалық зерттеулердің дұрыстығын (қайта тестілеуді) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осы жылғы 1 желтоқсанға дейін зертханаларды бірыңғай ақпараттық жүйемен интеграциялау жұмысы аяқталады.

Денсаулық сақтау министрлігі бір апта мерзімде дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету мақсатында коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгертеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне коронавирусқа қарсы препараттар құнының жоғарылауына жол бермеу мақсатында шетелдік фармацевтикалық нарықтардағы баға конъюнктурасына талдау жүргізу тапсырылды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1886066-bes-oblys-kyzyl-ajmakta-mamin-ministrlerge-kandaj-tapsyrma-berdi/