Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұтылып кетуі мүмкін": Атырауда тұрғындар ауылын құм басып жатқанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, жанайқайын жеткізді. Олардың сөзінше, тиісті шараларды қабылдамаса, Азғыр өңіріндегі ауылды құм басып қалуы мүмкін деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Аудан орталығынан 600 шақырым қашықта жатқан Үштағанда 145 үйде 712 адам тұрады.

Жергілікті тұрғындар бұл жерде үнемі топырақ сурып тұратынын айтады.

"Бізде ауа райы құбылмалы, көбінесе жиі жел тұрады. Соңғы екі жылда жауын-шашын өте аз түсті. Есесіне, құм көз аштырмастай болып борап тұрады. Табиғаттың бұл құбылысына қарсы тұрар дәрмен жоқ, шеткі үйлерді топырақ басып жатыр. Егер жедел шара алынбаса, ауыл бара-бара құмға жұтылып кетуі мүмкін", - дейді Үштаған елді мекенінің бір топ азаматтары.

Фото
Фото: Ақ Жайық

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта 9 үй мен обаға қарсы күрес мекемесі ғимаратының дәл іргесінде топырақ тау-тау болып үйіліп, терезеге дейін жеткен. Аула, қоралар да құм астында қалған.

Бұл мәселені ауыл тұрғындары жақында ғана өңірдің коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен болған тікелей эфир барысында көтергенін айтты.

Әкім өңірді аралағанын, бұл жағдаймен таныстығын, ауылды аман алып қалудың бірден-бір жолы сексеуілді көптеп егу керектігін айтқан.

Ал Асан ауылдық округі әкімі Гүлім Қабдыражитованың сөзінше, жұмыстар 3 кезеңмен жүргізіледі, бірінші кезең ең қауіпті бола бастаған 10 гектарды қамтиды. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатқаны белгілі болды.

Фото
Фото: Ақ Жайық

Еске сала кетсек, осыған дейін мұнайдың үстінде отырған Доссор кентінің бүгінгі келбеті туралы жазған едік.

Сонымен қатар, елімізде ешкім ештеңе ұрламайтын жалғыз ауыл туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886097-ztylyp-ketui-mmkin-atyrau-oblysynda-trgyndar-auylyn-km-basyp-zatkanyn-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel