RU

Сушиден дәм татқан бес жасар қыз көз жұмды

Суши
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейде бес жасар қыз суши жегеннен кейін көз жұмды деп хабарлайды ren.tv.

Ресейдің Челябинск қаласында отбасылық тамақтанудың соңы қайғылы жағдайға ұласты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпаратқа сәйкес, қаланың Тракторозаводск ауданында тұратын жас отбасы сушиге тапсырыс берген.

Екі баласы бар ерлі-зайыптылар бес жасар қызына сушиден ауыз тигізуді ұйғарады. Көп ұзамай, қыз бала өзін жайсыз сезіне бастап, кейін көз жұмған.

"Өлім фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Әзірге баланың өлімі қылмыстық сипатта болды деп айтуға еш негіз жоқ", - дейді құзырлы органдар.

Айта кетсек, мұндай қайғылы жағдайлар жылда тіркеліп отырады. Мәселен, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда ер адам суши мейрамханасына бармақ болып, қолынан айырылып қалған еді. Тамақтан кейін 12 сағаттан соң 71 жастағы азаматтың қолы ісіп кеткендіктен, дәрігерлердің оны кесіп тастаудан басқа амалы қалмаған.

Сонымен қатар 2017 жылы Тайваньда сегіз жасар қыз сашими жегеннен кейін ауруханаға түскен болатын. Ұзақ уақыт бойы іші ауырып жүрген қыздың ішінен алып құрт шыққан.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі спирт қосылған тағамды жеуге бола ма деген сауалға жауап берген болатын.

Одан бөлек, есектің сүтін емдік мақсатта ішу қаншалықты дұрыс екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886099-susiden-dm-tatkan-bes-zasar-kyz-kz-zmdy/