Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған азамат видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Polisia.kz

Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адамды іздестіруде деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 22 қараша күні сағат 13.00 шамасында Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың терапия бөлімшесі палатасынан ұялы телефон ұрланды.

Белгілі болғандай, күдікті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Оның қара қалпақ, көк джинсы, ашық түсті жүнмен қапталған капюшоны бар ашық қоңыр күрте кигені айтылды.

Сонымен қатар күртесінің сол жақ қол жағында қара түсті сыдырмағы түймеленетін қалталары бар. Ал аяғына ақ түсті спорттық аяқ киім киген.

"Егер күдіктіні таныған болсаңыз, төменге пікір қалдырыңыз немесе қалалық 60-80-66 немесе мобильді 8-778-310-57-60 телефондары бойынша хабарлаңыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

Өз кезегінде Түркістан облысының полициясы азаматтарға қырағылық танытып, үйлерін және жеке мүлкін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

"Мүмкіндігінше үйлерге бейнебақылау камералары мен дабыл белгісін, терезелерге темір торлар қою керек, кіреберіс есіктерді берік құлыптармен бекіту қажет", - дейді тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886105-taldykorganda-auruhana-palatasynan-aly-telefon-rlagan-azamat-videoga-tsip-kaldy/

pixel