Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға транзиттік көліктердің кіруіне шектеу қою ұсынылды

Опубликовано:

Көлік1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экология министрі үкіметтің онлайн-отырысында Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жоспарды оқыды. Оның ішінде транзиттік көліктердің қалаға кіруіне тыйым салу шарасы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыдағы қоршаған ортаны жақсарту үшін ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газға ауыстыру, қалаға іргелес жеке секторды газдандыру, коммуналдық қызметтердің көліктері мен қоғамдық көлікті табиғи газға ауыстыру арқылы Алматыдағы экологияның жақсартылатынын хабарлады.

Ол сонымен қатар дизельдік отынмен жұретін қоғамдық көліктерге кезең-кезеңмен тыйым салуды енгізу және транзиттік көліктердің кіруіне/қозғалысына шектеулерді қарастыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Жел режиміне зерттеулер жүргізіп, оны ескере отырып, сәулет келбетінің ережелеріне өзгертулер енгізу, құрылыстың бас жоспарларына түзету енгізу жоспарлануда. Іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ластаушы заттар шығарындыларының көлемі азаяды", - дейді министр.

Еске сала кетсек, Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі жиын кезінде елдегі ауасы қатты ластанған 10 қаланы атаған болатын. Экологиясы бұзылған өңірлер қатарына Қазақстанның үш мегаполисі де енген.

Ал ластаушы заттар ауаға ең көп таралған өңір - Павлодар облысы болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астанамыз - Алматы қаласы әлемдегі ең арзан қалалар тізімінде бесінші орыннан көрінгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886138-almatyga-tranzittik-klikterdi-kiruine-sekteu-kou-synyldy/

pixel