Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында бармен мен жолаушы төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

Жолаушылар әуежайда отыр
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әуежайында бармен мен жолаушы төбелесіп қалды. Жұдырықтасқандардың видеосы желіде пайда болған. Көліктегі полиция департаменті оқиғаның 23 қарашада болғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көліктегі ПД хабарлауынша, әуежай полициясының саптық бөліміне күту залында екі ер адамның төбелесіп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Төбелес қоғамдық тамақтану орындарының бірінде қызмет ететін бармен мен жолаушының арасында болғаны анықталды. Алматы-Ақтау әуе рейсінің жолаушысы күту залындағы бар орындығында ұйықтап қалған. Бармен оны оятпақ болған кезде жолаушы бейәдеп сөздер айтқан.

Нәтижесінде сөзден сөз шығып, оның арты төбелеске ұласқан. Басқа жолаушылар көмекке келіп, оларды ажыратқан. Екі ер адам бір-біріне шағымданбаған. Алайда сол 24 қараша, сағат 00:11-де тамақтану орнының иесі мен бармен полицияға келіп, жолаушының үстінен шағым түсірген.

Олар жолаушыны жауапкершілікке тартуды сұраған.

Медициналық сараптама жолаушының жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлемдегі эпидемиялогиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Алматы әуежайында бақылау күшейтілгенін жазған едік.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әуежайында тепловизоры бар смарт-дулығаны сынақтан өткізу басталған болатын. Интеллектуалды дулыға Қытайдың Шэньчжэнь қаласында құрастырылған. Оның көмегімен адамның дене қызуын лезде өлшеуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886158-almaty-uezajynda-barmen-men-zolausy-tbelesip-kaldy-video/

pixel