Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың тапсырмасы: Прокуратура заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша тергеуді бастады

Опубликовано:

Алматыдағы кесілген ағаштардың орны
Фото: facebook.com/alexey.kurapov

Алматы прокуратурасы "Sulpak" дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағашты заңсыз кесуіне қатысты тексеруді бастады деп хабарлайды Қазақпарат.

Қадағалаушы орган бұл ағаштарды кесуге рұқсат бермегенін мәлім етті.

Аталған дерекке сәйкес Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы қылмыстық кодекстің 340-бабы ("Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны белгілі болды.

Тергеу барысында тиісті сараптама тағайындалған. Сараптама нәтижесінде табиғатқа келген залал тексеріліп, құқықтық баға берілетіні айтылды.

Оңтүстік астананың қадағалаушы органы сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында болатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын.

Ел президенті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886161-tokaevty-tapsyrmasy-prokuratura-zasyz-agas-kesu-faktisi-bojynsa-tergeudi-bastady/

pixel